Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша студенттердің «Түлектер папкаларының байқауы» іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты дидактикалық материалды жүйелеу және студенттерге диплом алдындағы кәсіби тәжірбиеден өтуге әдістемелік көмек көрсету болды. Бітіруші топтардың студенттерінде екінші семестрдің басталуы мемлекеттік диплом алдындағы практиканы өтуімен белгіленеді. Диплом алдындағы практика болашақ мұғалімдердің бойында мектептегі оқу процесінің заңдылықтары мен жалпы түсінік қалыптастыруға, студенттерді негізгі мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретіндегі практикалық кәсіби қызметке дайындауға негізделген. Қалыптасқан құзыреттілік – тәжірибеден өтушілердің мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың кәсіби дағдыларын дамытуға, сондай-ақ студенттерге қойылатын талаптар туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Іс-шараға колледж әкімшілігі, оқытушылар, практика жетекшілері және әдіскерлер шақырылды. Іс-шара түлектердің электронды папкаларын таныстыру түрінде өтті. Топ бойынша студенттер өз жұмыстарын таныстыра отырып, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша жоспарлардың әзірлемелері, дидактикалық және көрнекі материалдар, әдістемелік ұсынымдар, электрондық оқулықтар ұсынды. Студенттердің тәжірибеге сапалы дайындығы атала отырып, білім алушылар түрлі практикалық материалдардың, әдістемелік әзірлемелердің бар екендігін көрсетті. Студенттер колледж әкімшілігіне, педагогтарға, колледж әдіскерлеріне кәсібиліктің жоғары деңгейі мен студенттерге әрдайым көмекке келуге деген ұмтылысы, әдістемелік қолдауы үшін алғыстарын білдіре отырып, тәжірибе нәтижелері жоғары болатынына сенім білдірді